«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 24 тамыз күні бөлінген квотаға сәйкес (биыл мектепке қабылданған оқушылардың жалпы санының 15% құрайды) мамандандырылған білім беру ұйымдарына қосымша қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды. Конкурстық іріктеуге «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №350 бұйрығының 18-1 пунктіне сәйкес келетін білім алушылар қатыса алады. Қосымша ақпарат үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарына хабарласуыңызға болады. Тіркелуге сілтеме  тіркелу үшін

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *