?

Ата-аналар назарына!

2023-2024 оқу жылына бос орындардың пайда болуына байланысты 6,7,8,9 сыныптарға конкурстық іріктеу негізінде қабыладу жүргізіледі!

Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өтеді және мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына төмендегідей құжаттарды тапысруы тиіс:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
  2. баланың ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар оқу орнынан анықтама;
  4. баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосруеті

Конкурс төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

  • математика және логика
  • оқу сауаттылығы
  • Қазақстан тарихы

Өтінішті қабылдау уақыты : 15.08.2023ж. – 22.08.2023ж.

Конкурстың өткізілу уақыты: 23.08.2023ж.  сағат 10:00

Мекен-жайымыз: Қарағанды қ., Алиханов к. 36/2а

 

Талапкерлер назарына! 2022-2023 оқу жылы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 24 тамыз күні бөлінген квотаға сәйкес (биыл мектепке қабылданған оқушылардың жалпы санының 15% құрайды) мамандандырылған білім беру ұйымдарына қосымша қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №350 бұйрығының 18-1 пунктіне сәйкес келетін білім алушылар қатыса алады.

Қосымша ақпарат үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарына хабарласуыңызға болады.

Тіркелуге сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScvSZ6RFDZUcXiT4ClSouHwcoAVN0gdcCR4yg7h0ecN7WC2Qg/viewform?usp=sf_link