ЮНЕСКО АЯСЫНДАҒЫ «THE PLANET OF ART – 2022»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНЫҢ

ПОСТ-РЕЛИЗІ

2022 жылғы 29 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART 2022» Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылды және Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында  175-ге жуық ЮНЕСКО  клубтары жұмыс істейді, олардың мүшелерінің жалпы саны 17000 адамнан асады, олар 17 облыстың 50-ден астам қаласы мен 23 ауылында орналасқан. Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыттары: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске асырады.

Ағымдағы жылдың «Тhe Planet of ART – 2022» көркемдік циклі Жібек жолы феноменінің көп қырлы мұрасын жан-жақты зерттеуге арналған және Қазақстандағы балалар жылын, Қазақстанның ЮНЕСКО-ға кіруінің 30 жылдығы мен Клубтық қозғалыстың 75 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

«Жібек жолы: мәдени мұра», «Жібек жолы: инновациялар» және «Жібек жолы: Халықтар Достығы» номинациялары бойынша жобаға 8000-нан астам бала қатысты. Қатысушылар әлемнің түрлі елдерінен 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастарды қамтыды.

Фестивальдің финалдық бөлігі әлемнің түрлі елдерінен келген 45 жеңімпазды біріктіріп, оларды Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында таңғажайып бағдарлама күтіп тұрды. Балаларға Қазақстан Республикасының жетекші педагогтары мен және өнер қайраткерлерінің шеберлік сыныптары мен тренингтерінен өтуге бірегей мүмкіндік берілді. Бағдарламаның бірінші күні, 2022 ж. 29 қыркүйегi күнi  сағат 18:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жоба финалистерінің жұмыстарының көрмесі, фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және фестивальдің музыкалық циклі жас лауреаттарының қатысуымен керемет концерт өтті.

Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына жобаның музыкалық циклі лауреаттарының үздік нөмірлері көрсетілді, олар осы жылдың жазында еліміздің батысындағы «The Planet of ART» фестивалінің финалы кезінде бейбітшілік тақырыбында таңғажайып концерт ұсынған болатын. Шығармашылық пен өнерді біріктірген бұл жоба жастардың санасында бейбітшілік пен жақсылық идеяларын нығайтудың ортақ мақсатына қол жеткізуде әртүрлі мәдениеттер мен жанрларды біріктірді.

Іс-шара бағдарламасының маңызды оқиғаларының бірі «The Planet of ART – 2022» фестивалінің финалистері мен жеңімпаздарының 500-ге жуық жұмыстары енген «Жібек Жолы Мұрасы» балалар шығармашылығының тақырыптық альбомын шығару және таныстыру болды.

Фото: https://drive.google.com/drive/folders/1V8fDXRNVthI6ywKZap6Jfx2G928X5V9A?usp=sharing

2022 жыл – бұл балалар жылы және олардың талантын қолдаудан маңызды ештеңе жоқ. Мен олардың барлығын лайықты болашақ күтіп тұрғанына шын жүректен сенемін. Бұл жоба, қатысушыларға, өз жұмыстарымен бөлісуге және шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, халықтарды біріктіріп, жастарды бейбітшілік пен жақсылық идеяларын нығайтуға бағыттады – деп атап өтті Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті Ақшолақов Болат Оралұлы.

Фестивалдің финалы Алматы қаласының әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросы, «Теңізшевройл» ЖШС, «Kaz Petrol Group» ЖШС, «Құмкөл көлік қызметі» ЖШС, Tengrinews ақпараттық агенттігі, Qazak Ballet Magazine журналы, «ALT Sound+» компаниясы, Holiday Inn Express қонақ үйі, Хаджаевалар имидж-студиясы және Ерлан Айнабеков студиясының кең қолдауымен өткізілуде.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін:

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының  Федерациясы

+7 700 394 3232, pr.kazfuca@gmail.com

Сайт: https://unescoclubs.kz/

https://www.instagram.com/unescoclubskz/

 

ПОСТ-РЕЛИЗ

ТОРЖЕСТВЕННОГО ОТКРЫТИЯ

МЕЖДУНАРОДНОГО ФЕСТИВАЛЯ ПОД ЭГИДОЙ ЮНЕСКО

«THE PLANET OF ART – 2022»

29 сентября 2022 г. в Казахском национальном театре драмы им. М. Ауэзова состоялось торжественное открытие Международного Фестиваля под эгидой ЮНЕСКО «The Planet of ART – 2022», организованного Казахстанской Национальной Федерацией Клубов ЮНЕСКО.

Казахстанская Национальная Федерация Клубов ЮНЕСКО, будучи частью Всемирного движения Клубов ЮНЕСКО, зародившегося в 1947 году в Японии, была основана в апреле 2009 года и осуществляет масштабную работу по продвижению идеалов и ценностей ЮНЕСКО через поддержку и развитие подрастающего поколения Республики Казахстан.

Сегодня в нашей стране действуют 175 Клубов ЮНЕСКО с общей численностью более 17 000 активных членов, представленных в 50 городах, 23 селах 17 областей страны. Организация реализует крупные молодежные программы на стыке трех основных направлений деятельности ЮНЕСКО: творческое образование, культурное наследие и устойчивое развитие.

Художественный цикл «The Planet of ART – 2022» текущего года посвящен всестороннему изучению многогранного наследия феномена Шелкового пути и проходит в рамках празднования Года детей в Казахстане, 30-летия вхождения Казахстана в ЮНЕСКО и 75-летия с момента основания клубного движения.

Проект охватил более 8000 детей в номинациях «Шелковый Путь: Культурное наследие», «Шелковый Путь: Инновации» и «Шелковый Путь: Дружба народов». Участниками стали дети и молодежь в возрасте от 3 до 18 лет из разных стран мира.

Финальная часть фестиваля собрала 45 победителей из разных стран мира, которых ждала удивительная программа в южной столице Казахстана – городе Алматы. Ребятам был предоставлен уникальный шанс пройти мастер-классы и тренинги с ведущими педагогами и деятелями искусства Республики Казахстан. В первый день программы, 29 сентября 2022 года в 18:00 часов в Казахском национальном театре драмы им. М. Ауэзова состоялась выставка работ финалистов проекта, а также церемония награждения победителей фестиваля и грандиозный концерт, на котором выступили молодые лауреаты музыкального цикла Фестиваля.

Гостям и жителям города Алматы были показаны лучшие номера лауреатов музыкального цикла проекта, которые летом этого года представили удивительный концерт на тему мира во время финала Фестиваля «The Planet of ART» на Западе нашей страны. Этот праздник творчества и синергии искусства объединил различные культуры и жанры в достижении общей цели укрепления идей мира и добра в умах молодежи.

Одним из знаменательных событий программы мероприятия стал выпуск и презентация тематического альбома детского творчества «Наследие Шелкового Пути», куда вошли около 500 работ финалистов и победителей Фестиваля «The Planet of ART – 2022».

Фото: https://drive.google.com/drive/folders/1V8fDXRNVthI6ywKZap6Jfx2G928X5V9A?usp=sharing

2022 год является годом детей и нет ничего более важного, чем поддержка талантливой молодежи в их начинаниях. Я искренне верю, что их всех без исключения ждет достойное будущее. Этот проект не только позволил участникам поделиться своими работами и показать свое мастерство, но и объединил народы и направил молодежь на укрепление идей мира и добра – отметил Акчулаков Болат Уралович, Президент Казахстанской Национальной Федерации Клубов ЮНЕСКО.

Финал фестиваля прошел при широкой поддержке Акимата г. Алматы, Национальной Комиссии Республики Казахстан по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО, Кластерного Бюро ЮНЕСКО в Алматы, ТОО «Тенгизшевройл», TOO «KazPetrol Group», ТОО «Кумколь Транс Сервис», информационного агентства Tengrinews, журнала Qazaq Ballet Magazine, компании «ALT Sound+», отеля Holiday Inn Express, имидж-студии Хаджаевых и студии Ерлана Айнабекова.

 

Для более подробной информации обращаться:

Казахстанская Национальная Федерация Клубов ЮНЕСКО

+7 700 394 3232, pr.kazfuca@gmail.com

Сайт: https://unescoclubs.kz/

https://www.instagram.com/unescoclubskz/

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *