Бүгін Қарағанды облысы Осакаров кентінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп директорлары мен ауыл мектептерінің ұстаздарына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күляш Шәмшидинова мен Қарағанды облысы Білім Басқармасының басшысы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу аясында проблемалық мәселелер талқыланып, педагогтардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әдістемелік көмек берілді. Қатысушылар толғандырып жүрген сұрақтарына толық жауап алып, кездесу жемісті өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *