Республика күніне орай Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің мектебімізбен біріккен «Қазақстаным-менің мақтанышым!» атты мерекелік концерті болды. Концерт барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары оркестр сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартып көрермен ризашылығына бөленді. Сонымен қатар мектебіміздің ата-аналары да бірге тамашалап қайтты. Оқушылар концертті көре отыра, өнерге деген қызығушылықтары артып, жақсы көңіл-күйде әсер алып қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *