Lesson Study – мұғалім тәжірибесі, сабақты зерттеу арқылы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл XIX ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда негізі қаланып, бүгінде Қарағанды қаласы НЗМ ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығымен» меморандум аясында әдіскер Төлеубике Рымқанқызының жетекшілігімен мектебіміздің 20 мұғалімі бірлесе отырып жүзеге асуда. Жеке тұлғаға бағытталған сабақты зерттеу қазан айынан басталып мұғалімдер біріге отырып жоспарлап, фокус топтарға бөлініп, өз проблемаларына байланысты мақсат пен міндеттерін айқындады. Қазіргі таңда өз қорытындыларын тұжырымдап, педагогикалық тәсілдерін жетілдіріп, ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспадан жариялау арқылы әріптестерімен бөлісуге, бағыт – бағдар беруге әзірленуде.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған