Кеше мектебімізге Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиакбарұлы кездесу алдында мектебімізді аралап, жалпы мектептің білім мазмұнымен танысты. Жасалып жатқан жаңа идеяларды құптап, жаңадан ашылған кабинеттер, үш тілде білім беру жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар мектеп ұжымымен кездесу жасап Елбасы Жолдауындағы қарастырылған 10 негізгі мақсат -міндеттерге толық тоқталып, талқылап, мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан казіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі – педагог мәртебесін көтеру. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұн¬да білім саласының барлық са¬тылары бойынша нақты мін¬дет¬¬тер айқындалғанын, Мағжан Жұмабаевтің «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деп, ұстаздарға деген ұлы құрметін білдірген кезеңнің қайта оралатынын тілге тиек етті.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған