Қарағанды қаласы төрінде орналасқан қазақ қайраткеріне құрмет тұтып аталған Н.Нұрмақов атындағы мамандардырылған мектеп-интернаты 2007 жылы, жас жеткіншектерге мектеп есігі ашылып, жарық көрді.Н .Нұрмақов атындағы мектеп-интернат осы бағытта егемен еліміздің ертеңі үшін, білімді де, саналы, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс жасап отырған білім ордасы.

Мақсаты:

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге жағдай жасай отырып зияткер, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, мінез-құлық қағидаларына берік сапалы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқушының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту.

  • Оқуға, өз білімін жетілдіруге тұрақты мотивациясын дамыту.

  • Еліне, туған жеріне сүйіспеншілігі шексіз, ұлтжанды, ізденімпаз, жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, Отан, қоғам, жанұя алдындағы міндеттерін жете түсінуге тәрбиелеу.

  • Ізгілік құндылықтарының тұрақты жүйесін қалыптастыру.

    Логотип

Мектеп оқушылары киетін күнделікті формада “N” әрпі түріндегі логотип тікелей мектеп атымен байланыстрып, тұлғаның есімін айқындайды. Әріптің астыңғы жағында 3 жапырақ бейнесі үштілдік оқытылуы туралы мазмұндайды.

Біздің Мектептің ерекшеліктері

Біздің білім беру ошағымыз жас жеткіншіктерге көптеген жетістіктерге қол жеткізуге үлкен мүмкіндік сыйлайды. Білім беру стратегиясы бойынша, 5-ші сыныптан бастап мектеп табалдырығына қабылданады. Ұлдар және қыз балалар бөлек сыныптарда білім алуда. 5-6 сынып аяқтаған оқушылар, ендігі келер 7-ші сыныпта білім алуды, оның ішінде табиғи ғылым зерттейтін пәндерді ағылшын тілінде оқуды бастайды.Мұндай оқыту тәсілі мектеп оқушыларына ағылшын тілін  жетік меңгеруге көмектеседі.Оған қоса, аптасына екі рет, түрік  неміс француз тілдерін меңгеруге жеке сабақтар ұсынылады.

Бос уақытта мектеп оқушыларына арнайы би, сурет үйірмелерінің есіктері ашық.Сонымен қатар, мектеп дәліздерінде шахмат ойнауға арналған арныйы үстелдер жасалған.

Біздің мектеп жас жеткіншектердің жан-жақты дамуында ат салысуда. Себебі, болашақ білімді, парасатты, абзалды жастарды күтуде!

Оқу- тәрбие бағдарламасы

Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқу жоспары «ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» негізінде жасалып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті бекіткен.Сабақ кестесі санитарлы-гигиеналық талаптар негізінде құрылған. Оқу аптасының уақыты – 6 күн. Сенбі күні қосымша сабақтарға және шығармашылық іс- шараларға арналады.

Оқыту қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу үрдісінде орыс тілі мен орыс әдебиеті, түрік,неміс,француз тілдері де қамтылған.Біздің мектебіміз өз ішіндегі ерекшеліктеріне қарай 5-11 сыныптардың оқытылуын қамтиды.

Тәрбие бағдарламасы Ұлттық білім академиясының кешенді тәрбие жоспарымен сәйкес атқарылады. Тәрбиелік іс- шаралар әрбір оқушының бойына жақсы қасиеттерді сіңіретін мақсаттарды қамтып, оларды жүзеге асыру үшін оқушылар түсінетін қалыпқа бейімделіп өткізіледі.

Білім кешеніне ұстаздар арнайы байқау арқылы жұмысқа алынады. Мектеп ұжымы әрқашан сапалы білім беру жолдарының тиімді жақтарын қарастырып, әлемдік деңгейдегі білім жаңалықтарын еңгізуге жұмыс жасауды, ұлттық жобаларды іске асыруды, адами құндылықтарды бағалайтын ұрпақ, интеллектуалды ұлт қалыптастыруды мақсат етеді.