ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Н. НҰРМАҚОВ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Оқу-ағарту ісінің үздігі, методист-ұстаз, Абайтанушы Бәйішева Ләззат Бәйішқызы атындағы «Ұстаз тағылымы: Ізденіс. Тәжірибе» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық ғылыми-практикалық конференцияны Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультеті мен Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты бірлесіп ұйымдастырады.
Конференцияның негізгі идеясы: Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында, Абайтанушы Ләззат Бәйішқызының ұлағатты ұстаздық ізін озық іс-тәжірибелермен жалғастыру.
Конференция ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың әдістемесіне бағытталады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
– Абай мұрасын оқытудағы өзекті мәселелер;
– Абай және Әуезов: ұлылар үндестігі;
– Абай шығармашылығын оқытудың жаңашыл әдістемесі;
– «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері;
– Тұлғалық қабілетті дамытудағы қосымша білім (Абай шығармашылығына арналған сыныптан тыс іс-шаралар)
Ұсынылатын материалдарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 22 ақпанына дейін. Конференцияны қорытындылау – 2020 жыл 28 ақпан.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды электронды нұсқада қабылдайды. Құрастырылған жинақты nurmakov.kz сайтынан алуға болады. Барлық қатысушыларға Сертификат ұсынылады. Жұмыс мазмұнына, жазу сауаттылығына автор жауапты. Конференцияға жіберілген материалдарды қабылдайтын ұйымдастырушы жақтың электронды мекен-жайы: suleimenova79@mail.ru
Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Материал А-4 форматының 5 бетінен артық емес электронды үлгіде қабылданады (суреттер, сызбалар, әдебиеттер тізімінің енгізілуімен). Мәтін Microsoft Word мәтін редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) қарпімен терілуге тиіс, символдың мөлшері – 14, жол аралық интервал – 1. Сол жақ шетжолдар – 30 мм, оң жақ, жоғары және төменгі шетжолдар – 20 мм. Абзацтың басындағы шегініс стандартты – 1 см.
Бірінші жол: мақаланың атауы бас қаріппен және қою бояумен ортада орналасады.
Екінші жол: аралық.
Үшінші жол: тегі және автордың аты-жөні қою қаріппен ортасында орналасады.
Төртінші жол: мекеме атауы, қаласы қою қаріппен ортада орналасады.
Бесінші жол: аралық.
Бұдан әрі мәтін жазбасы ұсынылады. Мақала мәтінінде дереккөздерге сілтеме тік жақшаларда жасалады.
Мақала мәтінінен кейін Әдебиеттер тізімі көрсетіледі (бас әріппен жазылған, қаріп өлшемі – Microsoft Word 12) әдебиеттер тізіміндегі дереккөздер тізімі енге сәйкес, абзацтық шегініс – 1 см, ал қаріп өлшемі – 12)
Әдебиеттер тізімі мақала мәтінінде келтірілген дереккөз ретінде құрылады. Әдебиеттер тізімінің нөмірленуі қолмен орнатылады.
Байланыс телефондары: 8(7212) 56-72-32 (қабылдау бөлмесі), 87023501201;
Тіркеу үлгісі
1 | тақырыбы | |
2 | Автордың толық аты-жөні | |
3 | Жұмыс (оқу) орны | |
4 | Байланыс телефоны, e-mail |
Білім беру ұйымдарынан қатысушы саны 2-ден кем емес.
Ұйымдастыру комитеті