Бүгін мектебімізде «Парасаттылық сағаттары» өтті. «Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Адалдық сағаты барысында оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, адалдық, әділеттілік, сенімділік, адамгершілік тақырыптарына бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, Қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.