Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 2021-2022 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына қабылдау 5 – сыныпта жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн – тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.

Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

    1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
    2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
    4. фотография претендента размером 3х4.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 2 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика – 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап «-1» коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( – ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.