Жаңалықтар

25 қазан Республика күні

Республика күніне орай Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің мектебімізбен біріккен «Қазақстаным-менің мақтанышым!» атты мерекелік концерті болды. Концерт барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары оркестр сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартып көрермен ризашылығына бөленді. Сонымен қатар мектебіміздің ата-аналары да бірге тамашалап қайтты. Оқушылар концертті көре отыра, өнерге деген қызығушылықтары артып, жақсы көңіл-күйде әсер алып қайтты.

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Қарағанды облысы білім басқармасы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде этнограф – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Алашқа ортақ тұлға Ақселеу Сейдімбек ағамызға 80 жыл мерейтойына орай облыстық семинар өтеді. Халқын ерекше сүйген ұлтжанды тұлға 8 монография, бірнеше тарихи – әдеби еңбек пен оқу құралдарының, 400 – ден астам […]

ЮНЕСКО АЯСЫНДАҒЫ «THE PLANET OF ART – 2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНЫҢ

ЮНЕСКО АЯСЫНДАҒЫ «THE PLANET OF ART – 2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНЫҢ ПОСТ-РЕЛИЗІ 2022 жылғы 29 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART – 2022» Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. 1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық […]

Талапкерлер назарына!

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 24 тамыз күні бөлінген квотаға сәйкес (биыл мектепке қабылданған оқушылардың жалпы санының 15% құрайды) мамандандырылған білім беру ұйымдарына қосымша қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды. Конкурстық іріктеуге «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және […]

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл

  Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Кез-келген ата-ана балаларының  болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамау керек. Бүгін біз ата-ана ретінде жауапкершілік туралы сөйлесеміз. Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез – құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару […]

Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы

Протоколы INF СШИ им. Н.Нурмакова БИО СШИ им. Н.Нурмакова БИО СШИ им. Н.Нурмакова Решения https://drive.google.com/drive/ Трансляции https://studio.youtube.com/video/mzmvbB9950s/livestreaming https://studio.youtube.com/video/uYnvhruwZAU/livestreaming https://studio.youtube.com/video/zAQ_DWuNSHI/livestreaming https://studio.youtube.com/video/sdxCDrC7cFI/livestreaming  

Мектебімізде «Парасаттылық сағаттары» өтті

Бүгін мектебімізде «Парасаттылық сағаттары» өтті. «Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Адалдық сағаты барысында оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, адалдық, әділеттілік, сенімділік, адамгершілік тақырыптарына бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда […]