Жаңалықтар

Мектебімізде «Парасаттылық сағаттары» өтті

Бүгін мектебімізде «Парасаттылық сағаттары» өтті. «Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Адалдық сағаты барысында оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, адалдық, әділеттілік, сенімділік, адамгершілік тақырыптарына бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда […]

«Зерде» ғылыми жобалар конкурсы

Құттықтаймыз!!! Мектебіміздің оқушылары «Дарын» Республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындар иеленді. Оқушыларымыз Жанұзақов Абылай – 2 орын, Марат Ильяс – 3 орын, Буктанова Дильда – 3 орын Мутлу Ерсинсарып – 2 орынды иеленді. Ұстаздарымыз Айгерім Бахытовна және Цемох Светлана Михайловнаға алғыс айтамыз алғар асулары көп болсын.

XVII- Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

Сүйінші! Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Рамазан Пердебай XVII- Халықаралық Жәутіков олимпиадасында ҚОЛА медальға ие болды. Әлемнің 21 мемлекетінен 146 команда, 1000-нан аса оқушы қатысты. Ұстазы Қауланов Мағжанға және оқушымызға алғыс білдіреміз. Алар асулары көп болсын.