22 қаңтар күні Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасы Қытайдың Цзилинг қаласының «Ценг тоу» хоккей командасын 4-0 есебімен жеңді. 2900 жанкүйер тамашалаған ойынның 50 – і мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларынан құралды. Мачт өте тартысты әрі текетіресті өтті. Бұрын соңды хоккейге қызығушылық танытпаған оқушылар ойыннан үлкен әсер алып қуанышпен аяқтады. Бүгін Сарыарқа Қытайдың басқа хоккей командасы «Хэйлунцзянды» жеңіп Жоғарғы Хоккей лигасында өз орнын дәлелдеді.