Мектептегі Қамқоршылық  кеңестің  мақсаты:

Мектептің оқу-тәрбие  жұмысын  дамытудың көкейтесті мәселелерін  шешу

Міндеттері:

  • – Мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету;
  • – Білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу;
  • – Мектептің қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын         қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тарту;
  • – Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

   Атқаратын қызметі:

  • – Мектеп миссиясын анықтауға, даму стратегиясын жасауға қатысады, қызметін бағалауды жүзеге асырады.
  • – Қамқоршылық кеңес  қаражатты жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.
  • – Білім беру және еңбек тәртібі заңдарына сәйкес даму  бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды.
  • – Жетім, қамқорлықсыз қалған оқушыларға  әлеуметтік көмек көрсетеді.
  • – Мұғалімердің шығармашылығын дамытуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.
  • – Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ынталандыру, марапаттау, көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.
  • “Қамқоршылық кеңес ” мүшелерінің құрамы және бұйрығы.
  • Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары