Әр жыл сайын Қазақстан халқы Елбасы жолдауын асыға күтеді. Себебі, Елбасы жолдауы – мемлекеттің гүлденуінің негізі. Бүгінде ел өмірінің түрлі салаларында заман ағымына сай өзгерістер енгізілуде. Оның ішінде индустрияландыру саласын дамыту, конституциялық реформаларды жүзеге асыру, рухани жаңғыру сынды жаңа бастамалар елдің өсіп-өркендеуіне бағытталған. Қазақстан – жаһан төрінде өзіндік орны бар және қарқынды дамуға бет алған ел.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз мәлімдемесінде 10 негізгі мақсат-міндеттерінің бірі, білім саласының қазіргі заманның талаптарына және экономика қажеттіліктеріне сәйкес болуы, мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы сөз қозғады. Дамыған елдерде мұғалімге деген құрмет ерекше. Мұғалім мамандығына қай заманда да сұраныс бар. Оның жұмысын қоғамдық тұрғыда бағалау үшін көп жұмыстар жасалынып жатыр. Осы алған бетімізден қайтпасақ, әлі-ақ бала мұғалім болуды армандайтын, мектеп түлегі сүйсініп таңдайтын мамандықтардың қатарынан көретінімізге сенімдіміз. Мұғалімнің алдында елдің болашағы отыр. Демек, оқушылардың алған білімін өмірде пайдалануы, ХХІ ғасырдың жан-жақты дамыған, құзыретті, бойында заманауи дағдылары қалыптасқан елжанды тұлғаға айналу басты назарда. Бүгінгі таңда сатылап енгізіліп жатқан жаңартылған білім мазмұнында білім беру үрдісі, жаңашыл әдіс-тәсілдер елбасы мәлімдемесінің білім саласындағы бастамасы. Әрине, алар асулар көп. Сондықтан, ұстаздар қауымы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі мәлімдемесінде көтерілген маңызды мақсаттарды орындауға өз үлесімізді қосамыз деген сенемдеміз.
Гүлдене бер, Қазақстан!