Мектептегі Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
Мектептің оқу-тәрбие жұмысын дамытудың көкейтесті мәселелерін шешу
Міндеттері:
- – Мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету;
- – Білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу;
- – Мектептің қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тарту;
- – Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Атқаратын қызметі:
- – Мектеп миссиясын анықтауға, даму стратегиясын жасауға қатысады, қызметін бағалауды жүзеге асырады.
- – Қамқоршылық кеңес қаражатты жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.
- – Білім беру және еңбек тәртібі заңдарына сәйкес даму бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды.
- – Жетім, қамқорлықсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.
- – Мұғалімердің шығармашылығын дамытуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.
- – Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ынталандыру, марапаттау, көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.
- “Қамқоршылық кеңес ” мүшелерінің құрамы және бұйрығы.
- Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары