Алиханов к. 36/2a, Қарағандыnnurmakov.krg@gmail.com8 (7212) 56-72-32
Жасалған жұмыстар
Бүгін «Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының таралуын алдын алу» тақырыбында орталық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сәрсембиев А.С. дәріс оқыды. 10-11 сынып оқушылары толық қамтылды.
Орталық полиция бөлімшесінің лейтенантымен «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік», «Буллинг», «Электрондық самокаттар», «Электронды темекілер», «Нашақорлықтың зияндары» тақырыптарында әңгіме жүргізілді. Оқушылар сұрақтарын қойып, самокаттар туралы жаңа заңмен танысты.
«Өнегелі өмір» жобасы негізінде 8 сыныптар мектеп дәрігерімен электронды темекі мен вейптің және наркоманияның алдын алу бойынша әңгіме.
10 сынып оқушыларының мектеп дәрігерімен кездесу өтті. Нашақорлық пен темекінің зияны және салауатты өмір салты жайлы әңгіме қозғалды!!!
Бүгін Құқықтық сауаттылық апталағы қарсаңында жоғары сынып оқушыларымен прокуратура қызметкерлері кездесу жасады. Қозғалған тақырып: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жолда жүру ережелері мен нашақорлықтың зардаптары да тілге тиек етті. Дәріс жүргізген:
1. Қадыров А.Қ, бірінші санатты заңгер, Қазыбек би атындағы бөлімінің мемлекеттік айыптау бөлімі прокуроры
2. Бекмолдин Қ.А., үшінші санатты заңгер, Қазыбек би атындағы бөлімнің мемлекеттік айыптау бөлімі прокуроры
3. Непогодиева В.Е., кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты